UFC-де алғашқы кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіп шыққан қытайлық этникалық қазақ Мақсат Қайсар (9-1) жаңа жекпе-жектің күні мен қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы әлемнің ең мықты лигасында бес жекпе-жек өткізген мексикалық Рафа Гарсия (13-3) болмақ. Бұл жекпе-жектің күні - 17 желтоқсан.

Сол күні қазақстандық Сергей Морозов UFC-де өнер көрсетеді, ол американдық Ньюсонмен кездеседі.