Бүгін Оралда жергілікті «Ақжайық» пен түркістандық «Тұран» арасындағы Қазақстан чемпионатының 2-турының кейінге шегерілген ойыны өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Матч Астана уақытымен 16:00-де басталады.

Жиырма ойыннан кейін «Тұран» турнир кестесінде 11-орынға жайғасты. Командада 23 ұпай бар. «Ақжайық» 20 ұпаймен 13-ші орында.

Көшті «Ақтөбе» (21 ойын, 42 ұпай) бастап тұрса, екінші орынға «Астана» (21 ойын, 38 ұпай) жайғасқан. Үшінші орында «Тобыл» (21 ойын, 38 ұпай).