«Марибор» футбол клубының бас бапкері Анте Шимунджа мен спорт директоры Златко Захович Чемпиондар лигасы аясындағы болашақ қарсыласы «Астана» туралы өз пікірлерін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
-  «Соңғы жылдары  «Астанаға» біраз қаржы жұмсалды. Жақында жастар әлем чемпионатында өзін мықты қырынан көрсеткен «Домжаленің» ойыншысы Неманья Максимовичті сатып алды. «Астана» үшін бірінші еуродода сәтсіз өтті. Екі матчтың қорытындысы бойынша «Ботевтан» 0:6 есебімен ұтылды. «Марибор» осы жұптың фавориті, себебі біз өткен маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеттік. Десек те, футболда бәрі мүмкін», - деді словениялық клубтың бас бапкері. 
 
«Астана» - біз үшін ең қолайсыз қарсылас. Бұл команда былтыр біраз тәжірибе жинап алды. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионаты көктемде басталды, ал «Астана» қазіргі таңда керемет бабында. Әйтсе де, мақсатымыз тек жеңіске жету», - деді команданың спорт директоры.