Қазақстандық теннисші Александр Бублик Астанада өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Голландиялық теннисші Таллон Грикспормен кездесу 6-0, 4-6, 6-3 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.