Сербиялық «Црвена Звезда» футбол клубының түлегі Дарко Лазич мансабын ресейлік «Анжиде» жалғастырады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы махачкалиндік клубтың ресми сайты мәлімдейді. 20 жасар ойыншы ресейлік клубпен төртжылдық келісімшартқа отырды. Естеріңізге сала кетсек, «Анжи» жаңа маусымнан бастап Ресей премьер-лигасында ойнайды. 
 
Айта кетер жайт, «Црвена Звезда» Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайратпен» күш сынасады. Бірінші ойын 2-ші шілде күні Сербияда өтсе, қарымта кездесу шілденің 9-ы Алматыда өтеді.