«Бейбарыс» хоккей клубы екі ойыншы - Иван Кузнецов және Сергей Лазаревпен қоштасқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иван Кузнецов «Бейбарыстан» кетеді, 29 жастағы қорғаушымен келісімшарт қос тараптың өзара келісімі бойынша бұзылды. Иван атыраулық командаға 2021-22 жылғы маусымда қосылған. Хоккейшіге алғыс айтамыз және оған болашақта сәттілік тілейміз!», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

- Лазарев командадан кетеді. Тараптардың келісімі бойынша хоккейші мен клуб арасындағы келісімшарт бұзылды, - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.