Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Карлес Марторелл кешегі Испания құрамасына қарсы өткен ойын жайлы (0:5) өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
«Ірі есеппен ұтыламыз деп ойламадық. Әйтсе де, командам соңына дейін ойнады. Екі команданың деңгейін салыстыру қиын, испаниялық ойыншылар «Барселона», «Севилья», «Реал» мен «Атлетико» сияқты үлкен командаларда өнер көрсетеді», - деді испаниялық бапкер.