Ақтаулық «Каспий» ойыншылары Арнольд Кнауб және Райымбек Жұма ӘЧ-2024 іріктеу кезеңі ойындарына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.8 қазан күні Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Словенияны қабылдайды. Матч Астана қаласы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сағат 18:00-де болады және 12-ші қазан күні Черногорияға қарсы сырт алаңда ойнайды.