Футзалдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дуглас Джуниор 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің басталуы туралы пікірін бөлісіп, өзі және серіктестері Игита мен Лео үшін Қазақстан құрамасы сапында ойнаудың маңыздылығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әлем чемпионатының тағы бір кезеңі басталып жатыр, әр сәттен ләззат алайық, осы елдің намысын үлкен қанағатпен қорғайық», - деп жазды Дуглас Инстаграм парақшасында.

«Бес аспапты дайындап барамыз! Мәңгі жүрмейміз, хе-хе-хе. Сендермен ойнау қашан да ғанибет!» – деп жауап берді Дугласқа Қазақстан құрамасының капитаны әрі қақпашысы Игита.

Фото instagram.com/douglasjr14