Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің ашылу матчтарына дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Команда Алматыдағы «Қайрат» АФК базасында жиналып, 7 қазанға дейін оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін Қазақстан құрамасы Астанаға ұшып, онда Словения құрамасымен ойнайды, ал 12 қазанда Кака шәкірттері Черногория құрамасымен кездеседі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака «Қайрат» АФК баспасөз қызметіне берген бейнесұхбатында алдағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарлары мен бірқатар ойыншылардың ұлттық құрама сапында болмай қалуының себептері туралы айтып берді.

Фото instagram.com/kazfutsal