4 қазанда«Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасының жаңа маусымын сырт алаңда саратовтық «Автодор» командасына қарсы матчпен бастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан чемпионатының басталуында астаналықтар «Барсы Атырау» командасын екі рет жеңген. Кейінгі маусымда «Астана» «Автодорға» қарсы сырт алаңда өткен матчта 82:83 есебімен жеңіліп қалған болатын.

«Автодор» – «Астана» кездесуі елорда уақытымен 21:00-де басталады. Трансляцияны ВТБ Бірегей лигасының сайтынан мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.

Фото pbcastana.kz