2 қазанда аты аңызға айналған бразилиялық боксшы Эдер Жофре 87 жасында Сан-Паулуда (Бразилия) қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жофре Бразилия құрамасы сапында 1956 жылғы Олимпиадаға қатысып, 1957-1976 жылдар аралығында кәсіпқой бокста бақ сынаған.

1960 жылы қарашада ол жеңіл салмақта әлем чемпионы атанды, ал 1973 жылы жартылай жеңіл салмақ санатында чемпион болды

Эдер мансабын 72-2-4, 50 КО рекордымен аяқтаған. Бір қызығы, екі жеңілісі де жапониялық Масахико Харадаға қарсы кездесуде тіркелген (ұпай санымен).

1992 жылы Джофр Халықаралық бокс даңқ залына енді.