«Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының 21-турында «Ақжайықтан» 3:1 есебімен ұтылды, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында ақтөбелік клубтың жалғыз голын шабуылшы Жерар Гоу соқты. Бұл 33 жастағы иварлық ойыншының Қазақстан Премьер-лигасындағы 85-голы болды.

Жерар Гоу алматылық «Қайрат» сапында ҚПЛ-да 101 кездесуге қатысып, 80 гол соққан. Ал «Ақтөбеде» 16 ойында 5 гол соқты.