Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ВК желісіндегі Armenian Football Group парақшасы хабарлады.

Дереккөз Армения құрамасы 16 қараша күні Ереванда жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді.

- Қазір АФФ қарсылас іздеп жатыр, Қазақстан құрамасымен келіссөз жүргізуде, - деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 19 қарашада Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық матч өткізеді.