Биылғы маусымды павлодалық «Ертістің» сапында бастаған Әлішер Сүлей «Таразбен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы тараздық клубтың ресми сайты мәлім етті. Жас жартылай қорғаушы мен «Тараз» арасындағы келісім 2015 жылдың соңына дейін жасалған. Әлішер «Тараз» сапында алғашқы жаттығуында да жасап үлгерді. Жаңа клубта ол 18-нөмірмен өнер көрсетпек.

Айта кетейік, Әлішер Сүлей бұған дейін қостанайлық «Тобыл» мен павлодарлық «Ертістің» сапында өнер көрсеткен болатын.