Бүгін құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» өз алаңында «Сочимен» матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана клубы 13 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 6-орында. «Сочи» командасы 11 кездесуде небәрі 5 ұпай жинап, Батыс конференциясында соңғы, он бірінші орында келеді.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 16:50-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.