«Қайраттың» жаңа қорғаушысы  Бруно Соарес алматылық клубтың баспасөз-қызметіне сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Неліктен «Қайратты» таңдадыңыз?
 
- Менде бірнеше ұсыныстар болды. Бірақ мен Еурокубоктарда ойнағым келді, сондықтан «Қайратқа» ауыстым. Алматылық клубтың сапында ел кубогы мен чемпионатын жеңгім келеді.  
 
- Қазақстандағы ең ірі командалардың біріне ауыстыңыз...  
 
- Алматыға келгеннен бері маған бәрі ұнауда. Ендігі мақсат - «Қайратпен» жеңіске жету.
 
- Кезінде Генрих Шмидтгальмен бір командада ойнапсыз, одан Қазақстан жайлы сұраған жоқсыз ба?  
 
- Генрихтен қазақстан футболы туралы сұрағанмын. Ол маған Қазақ футболы дамып келе жатқанын айтты. Алматыда жүргенінде маған фотоларын жіберетін. Кейін мен оған Алматыда түскен суретімді жібердім, ол мені құттықтады. 
 
- Жақында ғана Еуропа лигасының жеребесі тартылды. «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңде «Црвена Звездамен» кездеседі. Бұл ойын жайлы пікіріңіз қандай?
 
- Мен командаға енді ғана қосылдым. Алдымен, өзімнің әріптестерімен танысуым қажет. Содан соң ғана қарсылас команданы зерттей бастаймыз. «Қайратқа» ауысқаныма өте қуаныштымын.