Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Астанада өтіп жатқан ATP 500 сериясы турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Недовесов колумбиялық теннисші Даниэль Галанды 5:7, 7:6, 6:2 есебімен ұтты.

Матчтың ұзақтығы 2 сағат 28 минутты құрады.