Astana Open ATP 500 турнирі іріктеу сайыстарының жеребесі тартылды.

Іріктеу сайыстарына ұйымдастырушылардан төрт қазақстандық Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Александр Недовесов және Арысланбек Айтқұлов арнайы шақырту алды.

Евсеев әлемнің 65-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенмен ойнайды.

Александр Недовесов колумбиялық Даниель Галанмен, Григорий Ломакин түркиялық Алтуг Челикбилекпен, Арысланбек Айтқұлов ресейлік Павел Котовтан өтуге тырысып көреді.

Сондай-ақ өзбекстандық Денис Истомин мен сербиялық Ласло Джере, Қытай теннисінің жас жұлдызы Чжичжень Чжан мен түркиялық Жем Илкель өзара бәсекеге түседі.

Іріктеу сайыстарында Хамад Маджедович – Лука Нарди, Александр Шевченко – Карлос Гомес кортқа шығады.