Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Ақтөбе»-«Нымме Калью» кездесуі Ақтөбенің Орталық стадионында өтеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мухамбетов стадионның директоры Қажымұқан Демеуовқа Еуропа лигасының бірінші матчына дейін алаңды қалпына келтіру туралы бұйрық берген. Қазіргі таңда, жүзден астам жұмысшы түні бойы стадионда шөп төсеуде.  
 
Естеріңізге сала кетсек, Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» «Нымме Кальюға» қарсы бірінші кездесуін 2-ші шілде күні өткізсе, қарымта ойын шілденің 9-ы Эстонияда өтеді.