Польшаның Люблин қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде үш қазақстандық үш былғары қолғап шебері рингке шығады.

- Мейірім Нұрсұлтанов (17-0, 10 КО) орта салмақтағы WBO International титулын аргентиналық Марсело Косереске (31-4-1, 17 КО) қарсы қорғайды;

- Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) оңтүстік африкалық Сифосету Мвулаға (16-4-1, 7 КО) қарсы WBA Inter-Continental супер жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға таласады;

- Бекзад Нұрдәулетов (5-0, 2 КО) грузин спортшысы Яго Кизириямен (6-8, 4 КО) жұдырықтасады.

Люблиндегі бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Кәсіпқой бокс кешін МЫНА сілтеме бойынша көре аласыздар.