Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 35 x BRAVECF 62 турнирінде екінші маңызды жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық файтер Олжас Есқараев (10-6) UFC-дің бұрынғы файтері Роландо Димен (14-12) кездесті.

Олжас екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.

Жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық Кубанычбек Әбдісалам ұлымен (18-3) реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді, ол осы жазда Brave CF 59 турнирінде титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалды.