Астанада теннистен Жазғы Қазақстан чемпионаты аяқталуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында, еліміздің қысқы біріншілігіндегі сияқты, финалда Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеев кездеседі. Бейбіт жартылай финалда Достанбек Ташбулатовты 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңсе, ал Денис дәл осындай есеппен Арсланбек Айтқұловпен күресті.

Жұптық разряд финалында Денис Евсеев Григорий Ломакинмен бірге Бейбут Жукаев/ Тимур Мәуленовтен– 6:4, 4:6, 10:7. есебімен жеңісті жұлып алды. Қола медаль Тимур Хабибуллин/Алексей Кедрюктің қанжығасында қазақстандық теннистің майталмандары Ташбулатов/Айтқұловты 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Әйелдер текетіресінде еліміздің бірнеше дүркін чемпионы Жибек Куламбаева жартылай финалда Жанель Рүстемовадан мықты болды-7:5, 6:3, ал Гозаль Айнитдинова Мария Синицынаны 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Жұптық разрядта Жибек өзін алтын медальмен қамтамасыз етті.

Аружан Сағандықовамен бірге олар Еркежан Арыстанбекова / Сандуғаш Кенжебаеваны– 6:3, 7:6 (7:3). есебімен жеңді. Қола медаль Асылжан Арыстанбекова/Айя Нупбайға бұйырды олар Мария Синицына мен / Дана Байдаулетті– 4:6, 6:0, 10:8 есебімен жеңді.