Аралас жекпе-жектен танымал қазақстандық файтер Досбол Елеген (10-6) жеңіл салмақта OCTAGON Гран-приінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл оның ширек финалдағы қарсыласы әзербайжандық Сабухи Гулиевтің (11-7-1) салмағы 5 келіге асып кетуіне байланысты турнирден шығып қалғаннан кейін белгілі болды.

Елеген мен Гулиев Алматыдағы OCTAGON 35 x BRAVE CF 62 турнирінде өнер көрсетуі керек еді.

Сондай-ақ жартылай финалға жолдаманы қырғызстандық Илимбек Ақылбек уулу (5-1) алды. Ол тәжікстандық Нодир Алидодовты (4-3) жеңді.

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.