Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тарихи фотосын бөлісті.

«Бұл сурет біз үшін тарихи сурет. Америкадағы дебют. Рингке шығар алдындағы сәт. 2018 жыл. Дәл бүгінгі күн! Уақыт», - деп жазды боксшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы 30 қыркүйекте Жәнібек Әлімханұлы Калифорния штаты Окленд қаласына колумбиялық Карлос Гальванмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңген еді.