Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев келісімшарт мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Келісімшарт мерзімін ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатырмыз. Федерация ұсыныс жасады, ойлануға уақыт алдым. Келісімшартқа дәл қазір қол қоюға асығып отырған жоқпын, өйткені ойланып, мансабыма ең қолайлы шешімді қабылдауға уақытым бар», - деді Адиев «Чемпионат» сайтының тілшісі Михаил Рождественскийге берген эксклюзивті сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Словакия, Әзербайжан және Беларусь құрамасын артта қалдырып, УЕФА Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды.