Бүгін Қазақстан құрамасы волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясындағы үшінші ойынын өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Дарко Добресков шәкірттерінің кезекті қарсыласы - Канада құрамасы. Ойын Польшадағы «Атлас Арена» стадионында өтеді.

Екі құрама да алғашқы екі турда қарсыласына есе жіберді.

Бірінші ойында канадалықтар Сербиядан 3:0 есебімен (25:23, 25:16, 25:20), ал екінші кездесуде АҚШ волейболшыларынан дәл осындай есеппен ұтылды.

Қазақстан құрамасы да АҚШ спортшыларына есе жіберді, есеп – 0:3 (16:25, 13:25, 22:25), ал екінші ойында Германиядан 3:0 (25:15, 25:18, 25:21) есебімен жеңілді.

Канада – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:50-де басталады, оны Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.