UFC файтері Дамир Исмағұлов Инстаграм парақшасында келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Күні өзгерді, қарсылас топ-10 қатарынан, бізге осы джунглиге қайтатын уақыт келді (қарсылас туралы болжам жасамаңыздар, жақында хабарланады). Қайырлы таң - Саят сізге таңертең қоңырау шалған кезде», - деп жазды спортшы.

Исмағұлов кейінгі жекпе-жегін маусым айында өткізіп, Гурам Кутателадзені төрешілердің шешімімен жеңген болатын.