ҚР Президенті Кубогының алғашқы жарыс күні Қазақстан мен Қырғызстан құрамаларының кездесуімен аяқталды.

Екі команда да қорғаныста жатпай, шабуылға иек артты. Бірінші таймның ортасында Эмир Шигайбаев есеп ашып, Қырғызстан құрамасы алға шықты. Басымдықты ұстап, қарымта шабуылда есепті еселеуге тырысты. Алайда, ойын ережесін бұзған Оразбек Тимур екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ойыншылар саны бойынша басымдыққа ие болған біздің футболшылар басымдықты толық қолға алды. Бірінші таймда есепті теңестіріп қоймай, алға шығатын мүмкіндік болды. Алайда, доп қарсыластардың қақпасына енбеді.

Матчтың екінші жартысында Карлес Марторелл шәкірттері ойынды құтқаруға ұмтылды. 68-ші минутта Сағадат Тұрсынбай есепті теңестірсе, үш минутта кейін Мәди Жақыпбаев алға шығарды. Ойынның соңғы минутында Мұхит Жақсылық қарсыластардың қақпасына тағы бір гол соқты. Қорытынды есеп – 3:1. Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 

 

Футболдан ҚР Президентінің Кубогы 2015

Қазақстан – Қырғызстан- 3:1 (0:1)

Голдар: Шигайбаев 23, Тұрсынбай 68, Жақыпбаев 71, Жақсылық

Қазақстан: Сейсен, Тұрсынбай, Бортай (к), Аманжол, Кусяпов, Орал, Кан, Жақыпбаев, Жақсылық, Құдайбердінов, Таласбаев

Қырғызстан: Сычев, Айтбаев, Мелисбеков (к), Джакыбалиев, Шигайбаев, Момошев, Алыкулов, Тимур, Ташиев, Борубаев, Шукуров

22.06.2015, Астана Арена, 19:00