Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов өзінің инстаграм парақшасында кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басылымда Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегіне дейін оқу-жаттығу процесін аяқтап, Польшаның Люблин қаласына аттанатынын атап өтті.

«Ер азығы жолда.Кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жек алдындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, Польшаның Люблин қаласына сапарға шықтық.1 қазан күні сіздердің қолдауларыңызбен елімізді қуантып, көк байрағымызды желбіретуге бар күш-жігерімді салатын боламын.Алға, Қазақ елі!», деп жазды Нұрдәулетов.