42 жастағы бокс ардагері Оскар Де Ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Флойд Мейуэзер-кіші жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Менің рингке оралуымның жалғыз мүмкіндігі – Мейуэзер қыркүйекте Головкинмен жұдырықтасады, ал мен келесі жылы сол жекпе-жектің жеңімпазымен күш сынасамын», - деді Де Ла Хойя.

Атақты боксшы рингке соңғы рет 2008 жылы филиппиндік Мэнни Пакьяоға қарсы шығып, жеңіліп қалған болатын.