«Атлетико Мадридтің» хорватиялық шабуылшысы Марио Манджукич «Ювентуспен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Хорватия құрамасы көшбасшысымен келісім-шарт төрт жылға жасалды. Трансфердің құны – 19 млн еуро.

Манджукич мадридтіктер сапын 2014 жылы толтырған болатын. Өткен маусымда шабуылшы Испания Примерасында 28 матч өткізіп, 12 гол салды.