«Барыс» қақпашысы Никита Бояркин ҚХЛ аясында өткен «Локомотивке» қарсы кездесудің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының баспасөз қызметі хабарлады.

Никита Бояркин «Локомотив» ойыншылары жасаған 32 соққының бәрін қайтарып, осы маусымда екінші рет қақпасына шайба өткізген жоқ. Ол ВК-да жанкүйерлердің 33% дауысына ие болып, күннің үздік ойыншысы атанды.