Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Brave CF промоушнының ең жеңіл салмақтағы рейтингінде үздік үштікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал промоушеннің жеңіл салмақтағы боксшылары арасында Асу Алмабаев үшінші орынды иеленді. Рейтингте ресейлік спортшы Али Багаутдинов көш бастап тұр, екінші орынға оның отандасы Велимурад Алхасов жайғасқан.