Колумбиялық боксшы Луис Киньонес жекпе-жек кезінде басынан жарақат алып, комаға түсіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жек сенбі күні Колумбияның Барранкилья қаласында өтті. Онда Муньос сегізінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 25 жастағы Киньонес есін жоғалтып, ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалып, 48 сағат бойы жасанды комаға жатқызылды», - деп хабарлады rds.ca.