Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың ең үздік нокауттарының қысқаша тізімін жариялады. Оның ішінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының да соққысы болды.

Жәнібек Әлімханұлының британдық Дэнни Дигнуммен жекпе-жегінде орындаған нокауты үздіктер қатарында болды. Бұл жекпе-жек мамыр айында өткен болады.

Әлімханұлы екінші раундта қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Одан кейін осы жеңісінің арқасында орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпионның белбеуіне ие болды.