Тбилисиде (Грузия) 20 елдің спортшылары қатысқан үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтті.

Қазақстандық Сарвиноз Миркадырова 19 жасқа дейінгі топта қола жүлдеге ие болды. Турнир аясында ол Нини Липартияны (Грузия) 3:0, Мане Казарянды (Армения) 3:0, Тако Ригважені (Грузия) 3:1 есебімен жеңді, ал жартылай финалда Конг Цз Ламнан (Гонконг) 1:3 есебімен жеңілді.

Қазақстандық қыздардың нәтижесі:

13 жас

Ширек Финал - Ақниет Амангельді, Наиля Ханниязова, Аққу Темірханова.

1/8 финал - Нұрсая Нұрман.

15 жас

Ширек Финал - Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова.

1/8 финал - Томирис Қосар, Ақниет Амангельді, Назым Серікбай, Аққу Темірханова, Виктория Мочалкина.

17 жас

Ширек Финал - Сарвиноз Миркадырова

1/8 финал - Алиса Цвигун, Назым Серікбай, Шахзода Ахмадалиева, Виктория Мочалкина, Елизавета Лаврова

19 жас

Ширек Финал - Ангелина Романовская, Анель Бахыт.