Бүгін Ньон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша «Ақтөбенің» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Еліміздің вице-чемпиондары эстониялық «Нымме Калью» клубымен кездеседі.

Алғашқы матч 2 шілдеде Ақтөбеде өтсе, қарымта кездесу 9 шілдеде Эстонияда болады.