Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың (14-1, 5КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Adal Promotions промоутерлік компаниясы хабарлағандай, Бекманның келесі кездесуі 1 қазанда Люблин қаласында (Польша) өтеді. Отандасымыз Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Сифосетху Мвуламен (16-4-1, 7КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы WBA Intercontinental титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Сойлыбаевтың бұған дейінгі жекпе-жегі 11 шілдеде Ақтауда өткен болатын. Онда Бекман мексикалық Томас Рохасты (52-21-1, 34КО) төрешілер шешімімен жеңді.