Семейлік «Спартак» биылғы Қазақстанның Бірінші лигасында алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Алексей Петрушиннің шәкірттері 10-шы турда сырт алаңда оралдық «Ақжайыққа» 0:2 есебімен жол беріп қойды. Бұл жеңіліске қарамастан семейлік команда 22 ұпаймен турнир кестесінің басында келеді.
 
Естеріңізге сала кетсек, былтыр «Спартак» премьер-лигада соңғы орын алған болатын.