«Наполидің» испаниялық шабуылшысы Хосе Кальехон мадридтік «Атлетикоға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Мадридтіктердің бас бапкері Диего Симеоне 28 жастағы шабуылшыны өз құрамына қосуды көздеп отыр. Италиялық клуб та ойыншыны сатудан бас тартқан жоқ.

Бүгінде Хосе Кальехонның трансферлік бағасы – 19 млн еуро.