Қарағандылық «Шахтер» мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы Беларусь құрамасына қарсы матч туралы пікір білдірді.

– Игорь, жеңіспен құттықтаймын. Бүгінгі ойынға қатысты пікір білдіріңізші.

– Жанкүйерлер тарапынан ойын керемет өтті. Біз тарихи нәтижеге қол жеткіздік – топтан шықтық.

– Топтан мерзімінен бұрын шығу үшін Белорусьті жеңуді жоспарладыңыздар ма?

– Иә, топтан еш қиындықсыз мерзімінен бұрын шығу үшін барымызды салдық.

– Бір сәтті сіз өте жарқын тойладыңыз. Сол туралы айтып бере аласыз ба?

– Бұл сәтке жанкүйерлер әсер етті, өйткені олар ойын бойы бізді қолдап отырды.

– Игорь, Ұлттар лигасында Джанлуиджи Доннарумма мен Мануэль Нойер сияқты танымал ойыншыларды басып озып, сейв жасау бойынша бірінші қатарда тұрсыз. Бұл туралы не айта аласыз?

– Шынымды айтсам, мен оған мән бермеймін. Мен команда ойыншысымын – өз командама көбірек пайда әкелуге тырысамын.

– Гол жіберіп алған сәтке қатысты ойыңызды айтыңызшы.

– Ол жерде түсініспеушілік болды, бәрі бір–біріне сеніп қалды, мұндай болып турады. Құрамаға жеңіс әкелген Бақтиер Зайнутдиновқа рақмет.

- Бакудегі ойынға қатысты болжамыңызбен бөлісіңізші.

- Бұл футбол. Бәрі болуы мүмкін.

– Сіз Зайнутдиновты атап өттіңіз, ал Михаил Габышов туралы не айта аласыз?

– Миша - еңбекқор және жақын досым. Мен оны бұрыннан білемін және ол ұлттық құрамада ойнауға лайық деп есептеймін.