Тбилисиде (Грузия) үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтіп жатыр.

Әр түрлі жас топтарында Армения, Әзірбайжан, Бельгия, Египет, Грузия, Голландия, Гонконг, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Тайбэй, Сауд Арабиясы, Мексика, Швеция, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина, Өзбекстан спортшылары өнер көрсетіп жатыр.

11 жастағы Марлен Жұмағұл (Түркістан) күміс медаль жеңіп алды. Марленнің көрсеткіші: № 3 кіші топ, Моххамед Альмусаиб (БАӘ) - 3:0, Рашед (БАӘ) - 1:3, 1/4 финал Мате Гамбарашвили (Грузия) - 3:1, Жартылай финал Юсеф Альхавай (БАӘ) - 3:2, ал бірінші орын үшін матчта ирандық Фараз Шакибадан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Дінмұхаммед Қасенов (Астана), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Тимофей Герасименко (Астана) ширек финалға шықса, Нұрбол Тоқтамыс (Астана), Бақдәулет Сауырбай (Шымкент), Нұрислам Қасым (Шымкент), Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар облысы), Рамазан Нәзір (Түркістан) 1/8 финалға дейін жетті.

Енді 23-25 қыркүйек аралығында турнирде қыздар бақ сынайды.