Дүниежүзілік бокс қауымдастығынан (WBA) кейін Халықаралық бокс федерациясы (IBF) да қазақстандық Геннадий Головкинді орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғауға міндеттеуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

«Халықаралық бокс федерациясы GGG мен Эскива Фалькао арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру жұмыстарын бастауға уәде берді. Жаңалық күтеміз», - деп жазды бразилиялық журналист кіші Уилсон Бальдини твиттер желісінде.

Айта кетейік, бұған дейін WBA кубалық Эрисланди Лараны Головкиннің орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер ретінде жариялаған болатын. Лара WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион.

WBA Головкинді кубалық боксшымен жұдырықтасуға міндеттеді