Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің негізгі кезеңі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы бақ сынайтын 5-топта Словения мен Черногория кездеседі. Мариборда өткен ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

5-топтағы келесі ойында Қазақстан құрамасы 8 қазан күні Словенияны қабылдайды.

Словения – Черногория 3:1 (1:1)

Гол соққандар: Осредкар (2), Чех (30), Тотошкович (32) – Обрадович (17)