«Астананың» бұрынғы бапкері Срджан Благоевич венгриялық «Дебреценнің» бас бапкері болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Венгрия чемпионатының тоғыз турынан кейін Благоевичтің жаңа клубы 12 команданың ішінде 9-орынға жайғасты.

Бұған дейін маман Астанада жұмыс істеген. Сербтің жетекшілігімен астаналықтар 28 кездесу өткізіп, оның 15-інде жеңіске жетіп, жеті тең ойын, алты жеңіліс тапқан.