«Манчестер Юнайтед» қақпашы Давид Де Хеаны мадридтік «Реалға» жіберуге дайын. Тек бір ғана шарт бар – қорғаушы Серхио Рамос «қызыл сойқандар» сапын толтыруы қажет, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Айта кетейік, «Реал» де Хеаны 18 млн еуроға бағалап, сатып алуға ұсыныс жасаған. Ал «МЮ-дің» басшылығы қарымта ұсыныс жасады: де Хеаны Серхио Рамосқа алмастырмақ. «Корольдік клуб» ойлануға уақыт алды.

Серхио Рамос «Реал» сапында 10 маусымдай өнер көрсетіп келеді. Испаниялық қорғаушы 400-ге жуық матчқа қатысып үлгерген. Рамостың келісім-шарты 2017 жылы бітеді.