Шағын футболдан Қазақстан әуесқойлар құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Дүбірлі дода Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтті. Финалда Қазақстан құрамасы Бразилияға 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.

Біздің құрама Е тобында сынға түсіп, барлық кездесуінде жеңіске жетті. Алдымен Швейцарияны 5:2, Үндістанды 22:1, Италияны 8:2, Ливияны 5:0, Францияны 2:1 есебімен сүріндірді.

Плей-офф сатысында Молдованы (6:0), Мексиканы 2:1 және Польшаны (3:0) жеңді.

Әуесқойлар арасындағы әлем чемпионаты 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейін 2018 жылы Германия, 2019 жылы Ресей құрамасы чемпион атанған еді.