«Барыс» хоккей клубы новосібірлік «Сибирьді» жеңгеннен кейін киім ауыстыратын бөлмеден видео жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың instagram парақшасында ойыншылар мен бас бапкердің жеңістен кейінгі көңіл-күйі бейнеленген видео жарияланды.

Айта кетейік, ҚХЛ аясында өткен ойында астаналық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.