Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой рингтегі дебютінде қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы ирандық Мохаммадали Гасемзаде болады. Жекпе-жек 2 қазанда Алматыдағы бокс кешінде өтеді.

Гасемзаде ушудан Иран чемпионы және ММА-дан ұлттық чемпионатта жеңіске жеткен. Жас кезінде бокспен айналысып, кейін аралас жекпе-жекке ауысқан.

Еске салайық, бокс кеші Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық Джаррел Миллер өнер көрсетеді.